Архивтелген файл дегеніміз не
Сабақтың тақырыбы: Файлдарды архивтеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға файлдарды архивтеуді, сығуды, архиватор программасы туралы түсіндіру, білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейінділік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, арттыру;
Тәрбиелік: Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, кестелер, интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушыларды түгендеу
Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Б) Психологиялық тренинг.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулесі ананың алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға салайын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
«Ұяшықтар таңдау»
10 - балл. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
10 - балл. Компьютерлік вирустардың негізгі түрлерін атаңыз
20 - балл. Детектор программасының міндеті.
20 - балл. Доктор - программалардың мүмкіндігі.
30 - балл. Вирусқа қарсы программалар.
30 - балл. Ревизор программалардың міндеті.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
1. Резервтік көшірмені құру үшін немесе компьютерлік желілер арқылы жылдам беру үшін файлдар архиватор деп аталатын арнайы программалардың көмегімен архивтеледі. Программалар - архиваторлар бір немесе бірнеше файлдың орнына бір архивтік файл құрайды. Архивтеу компьютер жадында орынды үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар ақпараттарды сенімді сақтау үшін де қажет. Архив – қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да мәліметтер жиынтығы.
Есіңе сақта!
Файлды архивтік файлға жазу процесі архивтеу (буып - түю, сығу), ал файлды архивтен алу - архивтен шығару деп аталады. Буып - түйілген ( сығылған ) файл архив деп аталады.
Программашылар көптеген әртүрлі архиваторларды құрды, олардың ішінде кеңінен тарағаны WinRar және WinZip, сол сияқты Windows операциялық жүйесіне деректерді Архивтеу қызметші программасы кіреді.
WinRar және WinZip архивтермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді, жоғары нәтижелі деректерді сығу алгоритмін пайдаланады, көптомдық және архивтен шығаратын архивтерді құрады. Бұлар интернетте ең танымал архиваторлар.
Көптомдық архивтер – бірнеше бөліктен тұратын архивтер. Жалпы томдар үлкен архивті бірнеше дискетада немесе басқа сменалық тасушыда сақтау үшін пайдаланылады.
2. Практикалық тапсырмалар.
WinRar архиваторының көмегімен файлдарды архивтеңіз және архивтен шығарыңыз.
1 - С дискіде бума құрып, оған Архив деген атау беріңіз.
2 - Архив бумасында бірнеше мәтіндік құжаттар құрыңыз.
3 - WinRar программасын іске қосыңыз.
4 - Файлдарды ерекшелеңіз және Командалар – Файлды архивке қосу командаларын енгізіңіз.
5 - Архивтеу параметрлерін беріңіз. 1 - сурет Ең алдымен, архивтік файлдың атын және оның дискідегі сақталу орнын беру қажет. Одан кейін Rar және Win архивтелулерінің пішімін таңаңыз.
6 -. Сол сияқты Архивтің аты - және параметрлері тақтасында архивтеу параметрлерін беріңіз:
• Архив сығу;
• Сығу әдісі;
• Сөздің өлшемі;
• Том өлшемі;
• Жаңарту Әдісі;
• Архивтеу параметрлері;
7 - Файлдарды архивтен шығарыңыз.
3. Сәйкестіктендір.
4. Сабақты бекіту. Тест жұмысы
1) WinRar, WinZip бағдарламалары. арналған
*А) файлдарды қысуға;
В) вирусқа қарсы өндеуге;
С) қалталармен жұмыс істеуге;
Д) файлмен жұмыс істеуге;
2) Архиватор бағдарламасын көрсетіңіз
А) Word, PowerPoint;
B) Excel, Internet Explorer;
*C) WinZip, WinRar;
D) Word Ard;
3) Қысылған файл - бұл.
А) рұқсатсыз қолданудан қорғалған файл;
*В) архив көмегімен буылған файл;
С) көшіруден қорғалған файл;
Д) ұзақ уақыт қолданылмаған файл;
4) Файлдардың көлемін кішірейту үшін қандай бағдарламалар қолданылады?
А) файлдарды сақтық көшіру бағдарламалары;
В) интерпретатор бағдарламалар;
С) архиватор бағдарламалар;
Д) транслятор бағдарламалар;
5. Қысылған файлдың бастапқы түрінен айырмашылығы.
А) ол аз орын алады;
В) ол вирустардан жеңіл қорғалады;
С) оған аз уақытта қол жеткізуге болады;
Д) ол рұқсатсыз қолданудан жеңіл қорғалады;
5. Үйге тапсырма. Файлдарды архивтеу
6. Бағалау. Өзіндік бағалау парақшасын толтыру.
Файлдардың түрлері
Осыған дейін, біз мәліметтерді пернетақтадан енгізіп, оларды экранға шығардық, программа жұмысы кезінде олар компьютердің оперативті жадында сақталатын да, есептеулер біткеннен кейін бұл мәліметтер жоғалып кететін. Жұмыс нәтижесін келешекте пайдалана алу үшін, мысалы, оларды есептеулерге пайдалану үшін немесе жаңа мәліметтерді алу үшін, оларды есте сақтап қалу керек. Ондай тәсілдердің бірі мынадай: нәтиже экранға шыққан соң қолға қаламсап (қарындаш) және бір бет қағаз алып, бұл мәліметтерді жазып алу. “Дербес компьютерлер” дәуірінің басында оларды “үй тапсырмасы” деп атаған да, шын мәнінде солай болған. Қазіргі кездегі дербес компьютерлердің барлығы ақпаратты сақтауға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған. Қызметтеріне қарай оларды: магниттік ақпарат тасымалдаушылар немесе жазылатын CD - дискілер деп атайды. Ақпаратты сақтау осы тасымалдаушыларда ұйымдастырылады, бұл жағдайда біз алған нәтижелерді солардың жадында сақтаймыз. Барлық мәліметтер осы тасымалдаушыларда файлдар түрінде сақталады.
Файл дегеніміз – мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі).
File (ағылшын тілінен аударылғанда) бума, іс қағаздар жинағы, сонымен қатар ақпаратты сақтау деген мағынаны білдіреді.
Borland Pascal - да файлдарды екі негізгі белгісі бойынша топтастыруға болады:
файлдың типі бойынша (оның логикалық құрылымына )
файл элементтеріне қатынау тәсілі бойынша
Типтері бойынша файлдар шартты түрде үш түрге бөлінеді:
мәтіндік файл;
типтік файл;
типтік емес файл.
Біз көбінесе мәтіндік және типтік файлдармен жұмыс істейміз.
Қатынау тәсілі бойынша файлдар келесідей бөлінеді:
Тікелей қатынау файлдары
Кезекпен қатынау файлдары
Олардың айырмашылығы тікелей қатынау файлдарында арнайы
процедуралар және функцияларды пайдалана отырып, мәліметтерді, олардың файлдағы орнына тәуелсіз, оқуға немесе жазуға болады, ал кезекпен қатынау файлында оның ортасында немесе соңында тұрған мәліметті оқу үшін, оның алдындағы мәліметтердің барлығын оқуға тура келеді. Мәтіндік файлдар кезекпен қатынау файлдарына жатады, ал типтік файлдар тікелей қатынау файлдарына жатады.
2. Мәтіндік файлға мәліметтер жазу.
Бір өлшемді массив.
Ең қарапайым файл типі мәтіндік файл болып табылады. Бұл файлдағы мәліметтер типтік және типтік емес файлдардағыдай машиналық кодта емес, сан, әріп және басқа пернетақта символдары түрінде (ASCII кодында) беріледі. Сондықтан мұндай файлдар мазмұны оңай қаралады, оңай өзгереді және оларды кез келген мәтіндік редактордың, соның ішінде Borland Pascal ортасының да көмегімен өзгертуге болады. Өздеріңіз білетіндей 2. 1. 2.- ні қара, мәтінді теру кезінде жаңа жолды енгізу үшін “Enter” пернесін басу керек, осы кезде арнайы код гинерацияланады — ол жол соңы коды, ал файлды сыртқы сақтау құрылғысына жазған кезде де арнайы код гинерацияланады — ол файл соңы коды. Мәтіндік файлды оқығанда бұл кодтар көрінбейді.
Тақырыбы: Архивтік файл
Мақсаты: Білімділік: Сабақта оқушыларды архивтік файл және WinRAR архивтік программасын пайдалану жолдарымен пайдалану
Дамытушылық: алған білімін жаттығулар арқылы дамыту
Тәрбиелік: Іздемпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру
Пән аралық байланыс: программалау негіздері
Көрнекті құралдар: буклет, компьтер, оқулықтар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Өткен сабақты қайталау.
1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі
2. Архивтер дегеніміз не?
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Архивтік файл
2. WinRAR архивтік программасын пайдалану
3.. WinRAR - дің мүмкіндіктері
4. Жаңа сабақты пысықтау
1. Архивтік файл деген не?
2. Архивтеу программаларының атқаратын қызметі
3. WinRAR архивтарын қолдану ерекшеліктері
Архивтік файл - қысылған күйінде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдық жиынтығы. Оның мазмұны және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынандай информациялар сақталады:
• файлдың аты;
• файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
• файлдың соңғы рет өзгертілген мерзімі;
• Архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау коды.
WinRAR - алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows - тың RAR архиваторының 32 - разрядты нұсқасы.
Windows - қа арналған RAR - дың екі нұсқасы бар:
• WinRAR. ехе – графикалық интерфейсті қолдану нұсқасы;
• Rar. exe - мәтіндік режимде қатарлар арқылы командаларды пайдалану тәсіліне арналған нұсқасы
WinRAR - дың мүмкіндіктері:
• RAR және ZIP архиваторларын сүйемелдеу жұмыстарын атқару;
• мәліметтерді қысудың өте тиімді алгоритмін пайдалану;
• арнайы мультимедиалық – қысу алгоритмін қолдану;
• алып бару – және - қойып кету (drag & drop)
технологиясының қоршауын пайдалану;
• басқа форматтағы (CAB, ARJ, LZH, GZ, ACE, UUE)
архивтерді басқару;
• бірнеше ұқсас файлдарды қысуда қарапайым әдістерге
қарағанда қысу деңгейі 10 - 50 % көбейетін үзіліссіз архивтерді сүйемелдеу;
• бірнеше томдық архивтерді жасау;
• стандартты және қосымша функциялар SFX модульдер көмегімен өздігінен қысылатын қарапайым және бірнеше томды архивтер жасау;
• физикалық түрде бүлінген архивтерді қалпына келтіру;
• басқа да қосымша функциялар, мысалы,
шифрлау, архивтік түсініктемелер қосу (ANSI жүйесінің ESK - тізбегін сүйемелдеу), қателер хаттамасын жүргізу және т. б.
WinRAR - ды екі түрде қолдануымызға болады: Windows стандартты интерфейстің графикалық қоршауы режимінде және командалар қатарында.
4. Жаңа сабақты пысықтау
1.. Архивтік файл деген не?
2. Архивтеу программаларының атқаратын қызметі
3.. WinRAR архивтарын қолдану ерекшеліктері
5. Оқушыларды бағалау
6. Үйге тапсырма. 171 - 173 бет
Мазмұны
1.Кіріспе
2.Архивтеу программалары
3.Архивтік файл
4.ZIP архиваторының командалары және кілттері
5.Файлды архивке енгізу
6.Файлдардың қысу деңгейін көрсету
7.Архивтік файлдардың аттары
8.Архивтік файлдарға қызмет көрсетуші
программмалар
9.Архивтік программалардың режимі
10.Файлдарды архивке орналастыру
11.Архивтелген файлдарды таңдау режимі
12.Файлды архивке жіберу
13.Файлдарды архивтен шығарып алу
14.Өздігінен жинақталатын архивтегі файлды құру
15.Дискте бар файлдың режимде орналасуы
16.Каталогтың астындағы архивтелген файлдар
17.Архивтің мазмұнын қарап шығу
18.Мазмұнын шығару форматы
19.Файл туралы информацияны сорттау
20.Архивтің бүтіндігін тексеру
21.Зақымдалған файлды қалпына келтіру
22.Архивтің қоректену кезінде өшірілу проблемасы
23.Парольдың көмегімен файлды қорғау
24.Архивке файлды қосу
25.Файлды архивтен өшіру
26.Файлдарды уақытпен таңдау және олардың өзгеруі
27.Архиватор ZIP for Windows
28.Қорытынды
29.Қолданылған әдебиеттер
Архивтеу программалары.
Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Бірақта, бұндай прогрмманың көбі “shapeware” ретінде таралады. Яғни оларды тегін алуға болады. Егер сіз оларды барлық уақытта қолданылатын болсаңыз программа авторына немесе таратушыларына белгіленген (әдетте 50 $ дейін) соманы алу керек .
Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды шығарып алуға, архив мазмұнын көруге т .с . с.
Істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлдарды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады.
Компьютермен күнделікті жұмыс істеу барысында кеңінен қолданылатын берілгендері қысудың “классикалық” форматтары. ZIP және. ARJ болып табылады. Соңғы кезде бұлардың қатарына әйгілі. RAR форматы қосылды. Осы форматтарда жасалған архивтерге арналған программалық құралдар.
Файлдарды архивтеу құралдары кестеде келтірілгент :
Операциялық
система Форматтың
қысылуы Архивтік
құралдары Архивті ашудың
құралдары
MS-DOS
ZIP PKZIP.EXE PKUNZIP.EXE
RAR RAR.EXE UNRAR.EXE
ARG ARG.EXE
Windows 9x ZIP WinZIP
RAR WINRAR
ARG WINARG
Ең көп таралған архиваторлар - программаның барлығы біршама ұқсас мүмкіндікке ие және олардың бірде – біреуі басқаларынан барлық жағынан асып түспейді. Кейбір программалар шапшаң жұмыс істейтін болса, кейбіреулері файлдарды қысудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ете алады. Егер программаларды тек қысу дәрежесімен ғана салыстыратын болсақ, олардың арасында бірде – біреуін озық шығады деп ойламаймыз. Себебі, әртүрлі файлдарды тиімді орналастыру үшін әртүрлі программалар қажет. Кең таралған программалардың қатарында ARJ, PKZIP, LHA, PKPAK, PAK.
Танымал екі архиватор программалары PKZIP/ PKUNZIP және ARJ-лардың негізгі мүмкіндіктерінт қысқаша сипаттайық. Бұл программалар жоғарғы жылдамдықты және ақпараттық қысу жылдамдық дәрежесінің үлкендігін қамтамасыз етеді. PKZIP/ PKUNZIP өте жоғарғы қысу дәрежесін қамтамасыз етеді. ARJ программасы бірнеше дискетада орналасқан файлдарды архивтейді .
Архивтік файл
Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тізімі) және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әр бір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады:
-файлдың аты;
-файл орналасқан каталог туралы мағлұиат;
-файл көлемінің дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түрдегі мөлшері (байтпен беріледі);
-архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік
бақылау шарт таңбасы.
ARJ программасы көп томды архивтерді жасай алады. Олар дискетадағы үлкен комплексті файлдарды архивтеу үшін жасалған.
ZIP архиваторларының командалары
және кілттері
Программа екі негізгі файлдан тұрады:
PKZIP – файлдарды архивке енгізу (кіргізу) программасы
PKUNZIP – файлдарды архивтен шығару программасы
PKZIP/ PKUNZIP программасының өте үлкен функциялары бар.
PKZIP/PKUNZIP программаларының функциялық тапсырмасы көрсетілген режимнің көмегімен іске асырылады. Режимдер программаның атынан кейінгі командалық жолдың кез – келген жерінде көрсетіледі. Режим “ - “ немесе “ / “ белгісімен көрсетіледі.
Файлды архивке енгізу
Ең алдымен файлды архивке енгізу ушін PKZIP режимді
архивтің аты (файлдың аты)
Режимдер – “ – “ немесе “\” таңбаларымен басталатын режим атаулары, олар команда атқаратын жұмысты айқындайды немесе анықтайды.
Файлдың аттары – архивтерге енгізілетін файлдардың аттары. Мұнда оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (? және *) қолдануға болады. Егер файлдардың аттары көрсетілмесе , онда ағымдағы каталогтардың барлық файлдары өңделеді.
Ескерту :
“* “, “? ”белгісі тұрған орында кез – келген белгілеулер қолданылады.
Мысалы:
1. game * - барлық файлдар game атпен архивтеледі дегенді білдіреді. ( game.exe , game. sav, game . cfg )
.ga* sav - алғашқы екі әрпі де ( game . sav және sav ) кеңей- тілуімен ( ? белгісі)
2. game .? a ? - game атты барлық файл ортасында “а’’ түрде кеңейтілген ( game . sav , game . bat )
game . * - барлық функциялардың аттары алғашқы 4 әріп game
және осы 4 әріптен кейінгі “*” - ты кез - келген символмен кеңейтуге болады.
Команданы енгізгеннен кейін жинақтағыш программалар сұраныс жасаған әрекеттерді орындайды, экранда архивтеуге кіргізетін файлдардың аттары шығады. Әрбір файлдарды қысу кезінде файлдардың өңделген бөлігінің % - і шығады. Әр файлдарды қысу аяқталған кезде ол файлдың атына қарама – қарсы қысу дәрежесі хабарланады. Мысалы: PKZIP. Exe файлын жинақтағанда экранда төмендгідей жазу шығады:
Adding : PKZIP. EXE Deflating ( 36% ) , done.
Файлдардың қысу деңгейін көрсету
PKZIP программасы жұмыстың жеткілікті үлкен жылдамдығын және максималды қысу дәрежесіне жақынырақ жеткізуді (бірнеше % жоғары) және қысу дәрежесінің аз бөлігін қамтамасыз етеді. Программа кілтпен максималды қысу дәрежесі кезінде баяу жұмыс істейді. Керсінше кілтпен аз қысу кезінде қысу дәрежесі тезірек жұмыс істейді.
Кілттер:
«-ex» - максималды дәреже
«-en» - орташа ( кәділегі ) дәреже
«-es» - аз дәреже
Архивтік файлдардың аттары.
PKZIP / PKUNZIP және ARJ архивтік файл программа-лардың аттары төмендегідей кеңейтіледі :
ZIP - PKZIP / PKUNZIP программаларының архивтік файлдары көп томды архивтеуде архивтің жалғасы мынадай кеңейту А01, А02, т.с.с болады. ARJ – ARJ программаларының архивтік файлдары.
Архивтеу программасын қолдану кезінде архивтер кеңейтудің аттарын ( имена ) тусінеді. Егер архивтік файлдар үшін кеңейтілуі көрсеетілмесе, онда ZIP программалары PKZIP / PKUNZIP және ARJ программасы – ARJ прграммасы үшін кеңейтілуін түсінеді.
Архивтік файлдарға қызмет көрсетуші
программалар
ARJ программасы өзінің архивтелуін қамтамасыз ету үшін барлық функцияларды орындайды . Ол файлдарды архивтейді , файлдарды архивтен шығарып алады .
Ал ZIP файлдары үшін әртүрлі прграммалар орындалады:
PKZIP - файлдарды архивке кіргізу
PKUNZIP – файлдарды архивтен шығару
РК ZIP FIX – зақымдалған архивтік файлдарды қайта жаңарту
ZIP 2 EXE - өздігінен айналатын файл
Cонымен қатар осы программаларды құрушылар мен тәуелсіз программистер архивті өңдеу үшін әртүрлі көмекші программалар пайдалануға болады . Мысалы:
PK FIND - ZIP архивте және дискіде файлдарды іздеу.
REARJ - барлық архивтерді ARJ архивіне түрлендіру.
ARJ SORT - ARJ архивтерді іріктеу
ARCVIEW – архивтерді диалогты модификациялау және көру.
Архивтік прграммалардың режимі
PKZIP / PKUNZIP және ARJ программаларының үлкен функционалдық саны бар, шақырылу программасының көмегімен командалық жолда керек функция орындалады.
ARJ функциялық программасы код тапсырмасы арқылы орындалады. Код командасы – бір әріп, командалық бағанға программаның атынан көрсетіледі.
Мысалы:
А - архивке файлды қосу.
Т - архивтің тестіленуі ( тексерілуі )
Е – архивтен шығарылған файл
ARJ программасынан қандай қимылдар талап етіледі? Бұл сұрақты режимге қоюға болады . Режимдер командалық жолдың кез – келген жерінде командалық саннан кейін “ – “ :-V, -М немесе (т.б таңбалар өткен белгімен) “ / “ : /V, /M және т.б өткен белгілермен қойылады. Алайда, бұл екі әдісті бір командалық жолда араластыруға болмайды.
PKZIP / PKUNZIP функцианалдық программалары тек қана
режим көрсетулерінің көмегімен орындалады. Режимдер программаларының атынан кейін командалық жолдың кез – келген жерінде көрсетілуі мүмкін. Олар “ – “ немесе “/ “ белгісімен қойылады.
Файлдарды архивке орналастыру
Файлдарды архивке орналастыру үшін мынадай команда форматы пайдаланылады:
PKZIP режимдік архивтің аты [файлдың аты . ARJ архив аты режимнің командасы (каталог/) [файлдың аты.
Команда параметрлері:
Команда – ARJ командасы үшін орындалатын жұмыс түрін көрсететін бір әріптен тұратын команда аты , мысалы :
А - архивке файлды қосу , М - файлы архивке жіберу т.с.с;
Режимдер - “- “ немесе “/ “ таңбаларымен басталатын режим атаулары , олар команда атқаратын жұмысты айқындайды немесе анықтайды.
Архивтің аты - өңделуге тиіс архивтік файлдың аты, бір сөзден тұрады. Егер мұндай атты архив болмаса, онда осы жұмыс барысында ол пайда болады. Бұл файлдың типі көрсетілмесе, онда ол ZIP кеңейтуі PKZIP және ARJ программасын түсінеді.
Каталог – архивке енгізілуге (шығарылуға) тиіс файлдар орналасқан каталог аты. Каталог атын нақты көрсете отырып, басқа каталогтағы файлдарды осы архивке енгізуге болады. Егер каталог аты көрсетілмесе, онда ол ағымдағы каталог болып есептеледі.
Файл аттары – архивке енгізілетін (шығарылатын) файл аттары. Мұнда оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (? және*) қолдануға болады. Егер файл аттары көрсетілмесе, онда ағымдағы каталогтың барлық файлдары өңделеді. Команданы енгізгеннен кейін архивтеу программалары өзіміз сұраған әрекеттерді орындай бастайды. Экранда архивтік файлдарға кіргізетін аттар шығады.
Файлдардың қысу деңгейін көрсету :
Келісім бойынша, ARJ программасы жылдам жұмыс істеп, файлдарды ең жоғарғы деңгейге жақын күйде қысады. Бірақ өз қалауымызша мүмкіндігінше жоғарғы деңгейде (бірнеше % - ке жоғары) қысу режимін пайдалануға болады. Ол әдеттегідей көбірек уақытқа созылып , баяулау орындалады. ARJ программасының бұл режимі - JM әріптерімен беріледі.
Архивтік файлдарды өңдеу режимдері
PKZIP және ARJ программасында файлдарды архивтеудің үш негізгі режимі бар. Олар:
1. Add – архивке барлық файлдарды енгізу (А командасы );
2. Update – архивке тек жаңа файлдарды енгізу (U командасы );
3. Freshen – архивке тек бұрынғы қысылған нұсқасынан өзгертіл-
ген файлдардың жаңа версияларын енгізу (F командасы);
Файлдарды архивке енгізу
Көптеген жағдайларда архивке файлдың көшірмесін емес, өзін толық күйде жібереді. Яғни дискіде ол файл жойылады. Файлды архивке осылай ауыстыру үшін PKZIP және ARJ программасының келесі -D режимі (A,U,F командаларымен бірге көрсетіледі) немесе M командасы жеке режимсіз қолданылады. Айта кететін жайт, D – A командасының режимі болып табылады. Ол архивке енгізілген файлдарды жоя отырып, файлды тек архив .
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейде дискеттерден қатты магниттік дискіге (венчестерге) 5-10Мб не одан да үлкен көлемді каталог пен файлдарды көшіріп жазуға тура келеді. Оларды алдын ала дискетке көшіру үшін көптеген дискеттін қажет етілгені сөзсіз. Дискеттер санын азайту және дискетті үнемдеу мақсатында информация көлемін 10-70% -ғане оданда көп масштаб бойынша түрлі форматта қысып жазатын және оны ашып, бұрынғы қалпына келтіретін көптеген қызметші програмалар бар. Мұндай програмаларды архивтеуші (архиватор) деп атайды. Қазіргі кезде қолданылып жүрген архивтеушілер көп, мысалы, Arj, Rar, PKZip, WinZip, WinRar, Backur және т.б. Архивтеуге мысал ретінде 19 символдан тұратын қарапайым мәтінді қарастырайық: МЕНННДЕЕЕЕААЛАР.
Оның архивтелген бір түрі мынадай 14 символдан тұруы мүмкін: МЕ3НД4Е5-2АЛАР.
Мұндағы әр сан одан кейінгі әріптін неше рет қайталайтынын көрсетіп тұр (мәтін16% шамасында қосылған).
Ескерту. Файлдарды архивтеу оларды қорғау үшін де қажет (2 тарауды қараныз).
Arj архивтеушісі. Arj програмасын MS-DOS жүйесінде іске қосу форматы:
Arj [ . arj a bas1 C:
2. С:\ BASIC\ or5. bas файлын архивпен, архивке or.5arj атын беру және оны Arj программасы негізілуі ағымдық С: дискісіне жазу: С:\> arj a or5 С:
\BASIC \or5. bas
3. C: \NC каталогында жазулы ns. hlp және nc. exe файлдарын қысып, оларды C\ STUD1 каталогына nort. arj архиві етіп жазу:
C: \STUD1> arj a nort C: \NC\ nc. hlp C:\ NC\ nc. exe (nc. нlp, nc. exe файлдарын STUD1 каталогына көшіріп алып, содан кейін архивтеуге де болады).
Arj aрхивтеуші арқылы архивтелген файлды ашу. Бірінші мысалда құрылған bas1. arj архивін ашып, сол каталогқа жазу тәсілі: C:\STUD1> arj e bas1 не C:\STUD1> arj e С:\STUD1\ bas1
Commander Compression архивтеуші арқылы архивтеу.
Файлды Nc мүмкіндіктерін пайдаланып, Commander Compression, PКzip, Arj не т.б. архивтеушілер арқылы архивтеуге болады. Мысалы, Commander Compression – ді пайдаланып, C:\ BASIC – те жазулы or5. bas файлын архивтеу жолы:
1. С:\BAIC> панелінде курсорды архивтелетін файл үстіне әкеліп, ALT+F5 пернелерін басу. «Архивтеу (Compress)» атаулы сұхбаттық терезе көрінеді, мысалы (1сурет)
Упаковка файлов в архив
Упаковка архиватором Commander Compression в
С:\BASIC\ or5
[X] Включая подкаталоги [ ] Удалить файлы по описанию
[ ] Использовать фильтр
Сжать Метод сжатия Фильтр Отмена
2. Терезенің «Қысу әдісі» түймесін шертіп не курсорды оның үстіне әкеліп, архивтеуші программалар тізімін экранға шығару
3. Тізімнен «Commander Compression» ауыстырып қосқыш белгісін таңдап, Енг пернесін басу не ОК түймесін шерту (курсорды белгі үстіне әкеліп, Бос орын пернесін басу арқылы таңдау да мүмкін)
4. Архивтің толық атын ( диск, каталог, архив) терезеге енгізу (мысалы, кестедегі С:\ BASIC\ or5.
5. Енг пернесін басу не «Қысу» түймесін шерту ( шерту – тышқан көрсеткішін түйме үстіне әкеліп, тышқанның сол жақ түймесін басу) Архив терезеге енгізілген панельге or5. zip атауы бойынша жазылып қойылады.
Архивті ашу:
Распаковка архива
Распаковка Or5.//zip с использованием Commander Compression
С:\
[ ] Включая подкаталоги [ ] Использовать фильтр
Распаковка Выберите метод Отмена
1. Курсорды архив үстіне әкеліп, ALT+F6 пернелерін басу. Архивті ашу терезесі көрінеді, мысалы (2 сурет).
2-сурет
2. Терезеде ашылатын файл аты енгізілетін екінші панельде ағымдық каталог аты көрінеді (мысалы, С:\). Оның орнына архив жазулы каталогты енгізуге де болады, мысалы, С:\BASIC). Одан әрі Енг пернесін басу жеткілікт
Norton Commander-де RAR архивтеушісімен жұмыс.
Файлды архивтеу.
Алдымен ағымдық каталогқа, мысалы, С-ке не С:\BASIC каталогына RAR архивтеуші программасын негізіп алу керек. Rar енгізілген С:\BASIC каталогында жазулы Or7.bas файлын архивтеу жолы:
1. Командалық жолда С:\BASIC\ rar командасын беру. Файлдар сипаттамалары жазылған терезе ашылады.
2. Архивтелетін файлға курсорды әкеліп, пернесін басу. Архивтелетін файл аты енгізілген терезе көрінеді:
Enter archive nam
[ ] move files
3. Енг пернесін басу. Файл архивтеліп, ағымдық каталогқа жазылып қойылады.
Архивті ашу:
1. Панельде көрінген Rar.exe файлының үстіне курсорды әкеліп, Енг пернесін басу. Фвйл сипаттамалары терезесі көрінеді.
2. Терезеде курсорды архив атына (or7. rar) әкеліп, Енг пернесін басу. Қайту (Return) терезесі көрінеді, мысалы (4сурет)
Or7.txt 14099 5082 25:03:99
12:15
4-сурет
3. Терезеде файл сипаттамасына курсорды әкеліп, F4 пернесін басу. (Егер файл архивтелген соң өшірілмеген болса, бұл кезде «Қайта жазу керек пе?» сұрағы көрінетін сұхбаттық терезе шығады. Перне-тақтаның Y түймесін шерту)
4. 4-суретте бейнеленген терезе қайта көрінеді. Курсорды қатарына әкеліп, Енг пернесін басу. Файл сипаттамалары терезесі шығады.
5. ESC пернесін басу.
Каталогты не файлдарды архивтен қою олар кездейсоқ өшірілген не компьютерлік вирустың әсерінен бұзылып қалған кезде қалпына тез келтіру үшін де қажет. Соңғы жағдайда алдымен бұзылмаған файлдардың да жойылып кететіні себепті, алдымен вирусқа қарсы программаны іске қосып, дискіні вирустан тазартып алуға әрекет етіп көрген жөн.
Соңғы жылдары өздерінің зиянкес әрекеттері нәтижесінде не «қызықшылық» үшін басқа компьютерлердің жұмысын бұзуға, яғни оған кірістірілген программаларды істетпей тастауға тырысатын программалаушы авторлар саны көбейіп кетті. Осы мақсатта олардың Ассемблер және т.б. программалау тілдерінде атау берілмей, зиянкес кішігірім он мыңдаған программаларды құрып шыққан белгілі. Оларды компьютерлік вирустар деп атайды. Вирустардың түрлері көп, әсерлері түрлі – түрлі. Олар, көбінесе, компьютерлік ойын программаларына енгізіліп қойылатындықтан дүние жүзіне кең таралуда (қазіргі кезде белгілі 80000 – нан аса вирустар бар).
Вирусталған программа дискет арқылы компьютерге енгізілгенде қатты дискіге және ішкі жадта вирус пайда болады да, компьютер ішіндегі көптеген басқа программаларды бірден не біраз уақыт өткен соң зақымдап, оларды дұрыс жұмыс істеткізбей тастайды. Ол мәтіндік файлдарға, электрондық кесте мен берілгендер қорын басқару жүйелері арқылы құрылған мәліметтік берілгендерге көп әсерін тигізе бермейді. Оның бұзатыны көбінесе com, exe типті тікелей орындалатын файлдар. Вирустың кейбір жаңа нұсқалары операциялық жүйе программаларының жұмысын баяулатып, тіпті оларды да істен шығаратын болды.
Соңғы жылдары компьютерді вирустан қорғау, дискілерде жазулы программалар мен берілгендерді вирусқа тексеру, оларға енген вирустарды жою сияқты әрекеттерді орындауға арналған вирусқа қарсы (антивирустық) түрлі программалар дайындалып шықты. Олардың ішіндегі елімізге белгілері:
Aidstest, DrWeb, NDD, AntiViral Toolkit Pro (AVP), Kaspersky Antivirus және т.б. NDD (Norton disk doctor – диск қабықшасының емшісі) – вирусты табу және дискіні емдеу үшін құрылған алғашқы программалардың бірі. Aidstest, DrWeb – Ресейде құрылған, жиі пайдаланылатын антивирустық программалар. Олар бірнеше нұсқалы. Соңғы нұсқалары көптеген вирустарды жоя алады (мысалы, DrWeb 326, 402, 423. ). Бірақ бұл кезге дейін кез келген типті вирустарды жоюға шамасы келетін әмбебеп антивирустық программа әлі жарыққа шыққан жоқ. Тіпті кейбір программалар дискіге вирус барын анықтай алады да, оны жоюға шамасы келмейді.
Aidstest рограммасы. Вирус енген компьютер тез істен шығып қалуы мүмкін. Осы себепті компьютермен жұмыс істеуші кісілер өз компьютерін және таныс емес дискеттерді пайдалану алдында вирусқа тексеріп отырулары қажет. Мысалы, С: дискісіне Aidstest программасы енгізулі тұрған кезде А: құрылғысына ендірілген дискетті осы программа арқылы тексеру командасы:
С:\> aidstest A:
(А: орнына тексерілетін басқа дискі атауын жазуға да болады. Дискіні, мысалы, С:- ті вирусқа қарсы терең тексеру үшін Aidstest С:/g/s командасының берілуі тиіс, бірақ оны орындау үшін көп уақыт керек). (S – вирусты асықпай іздеу, G – дискідегі барлық файлды тексеру). Егер командаға Аidstest атауы параметрсіз енгізілсе, экранда осы программаға енгізілуі тиіс параметрлер жөнінде нұсқау көрінеді.
DrWeb программасы: DrWeb (402, 423. ) программаларымен жұмыс істеу тәсілі (drweb – доктор web):
- NC панелінен Drweb. еxe файлын іске қосу. Drweb Тест Күйге келтіру пункттерінен тұратын мәзірі бар тестілеу терезесі көрінеді де, компьютер ішкі жадты вирусқа тексеріп шығады;
- Тест – Емдеу (test – cure) командасын беру. Емдеу жолы сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді;
- Терезе өрісіне дискі атауын не каталогтың, файлдың толық атын енгізу.
Программа алдымен жадты вирусқа тексеріп шығады да, одан әрі енгізілген диск атауын не т.с.с. тексеріп, терезеде тексеру қорытындысын шығарады.
Программадан шығу командасы: ALT+X
Дискіні вирусқа тексеру үшін жиі – жиі түрлі елдің вирусқа қарсы программаларын ауыстырып пайдаланып отырған жөн.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Читайте также: