Компьютер желі деген не
Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез-келген компьютерді жер щарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратан Дүниежүзілік Торап. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды торап деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/ІP хаттама ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір тілде “сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет торабы көмегімен әлектрондық почта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
TCP/ІP – Интернет торабына қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтердібір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
ІP (Іnternet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін торапаралық хаттама.
TCP(Transmіsson Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол тораптағы ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
Интернет торабын пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
Интернет (кіші әріппен жазылса) - TCP/ІP хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.
1965 жылы Массачусет технологиялық институтындағы компьютер Калифорнияның телефон байланысына қосылды. Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET желісі оқу орындарын, әскерлер мен әскери мәдігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған.
ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашықтағы компьютерге программа енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұған файлдарды, әлектронды почтаны және жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысып жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET-тің өсуіне орай және басқа желілерде дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.
1971-1972 жылдары ARPANET желілеріне арналған бірыңғай хаттамалармен жұмыс аяқталды. Бұл хаттама Network Control Program (NCP) деген атауға ие болды.
Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері қолданылады: төмен жылдамдықтағы телефондардан жоғары жылдамдықты спутниктік арналарға дейін. Аппараттық және бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен, ӘЕМ және бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болу үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі бір өлшемді блоктарға бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді – пакеттер ретімен адресатқа жөнелтеді.
Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET оқу орындарын, әскерлер мен әскери мердігерлерді біріктіретін желі.Интернетте ТСР/ІР пайдаланылады. Бұл әріптер Transmission Control Protocol/ Internet Protocol (Беру басқармасының хаттамасы/желіаралық хаттама) дегенді білдіреді. ІР желідегі адрестеуге жауап береді, ал ТСР хабарларды тиісті адрестер бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді, олар 1974 жылы жасалған. Байланыстың талшықтық-оптикалық және спутниктік тізбектерімен біріктірілген ең өнімді компьютерлердің бірнешеуі Интернеттің тірек желісін құрайды. Тірек желісінде суперкомпьютерлер жұмыс істейді, олар әдетте аса ірі университеттік немесе ғылыми орталықтарда орналасқан, көбісі АҚШ территориясында. Тірек желісі тізбектердің өнімділігі секундына бірнеше Гбит-қа жетеді. Ұлттық желілерге кәсіпорындар мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылады. Тізбектің типіне байланысты олардың өнімділігі ондаған Мбит/с-қа дейін барады. Кейін бұл жергілікті желілердің компьютерлеріне жеке пайдаланушылар қосыла алады.
І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деренктерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.
ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.
ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды. 90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.
ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды.
Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы әлектрондық хабарларды жеткізу (off line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды.
Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісімарқылы ортақ пайдалануға арналаған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.
Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді). Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
1990 жылдан бері интернет өз көлемін жыл сайын екі есе арттырып отыр. Қазіргі кезде желлер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны халықаралық ISOC (Internet Society) қоғамдық ұйымы бақылайды. Интернет құрамына кіретін әр түрлі компьютерлердің бір – бірімен үйлесімді түрде байланысып, өзара мәлімет алмасуы ТСР/ІР хаттамалары көмегімен жүргізіледі. (Интернеттің шығу тарихын айту қажет)
Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен әлектрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, әлектрондық хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.
Интернеттен басқада ауқымды желілер бар:
- Fidonet - әксперименталь желі, қолданушы – әнтузиасттар құрған;
- Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens Corporate Network)
Интернетте жақсы жұмыс істеу үшін, оның құрылысын білу онша қажет болмайды. Бірақ интернет жұмысы және пайдаланылатын терминдер туралы біршама білу керек. Бұл жағдай интернетті тезірек меңгеруге көмектеседі. Әрбір тұтынушы компьютерді телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез-келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер дегеніміз - қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз, жарнамалар, т.б. мәліметтер сақталады.
Торапқа қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын адрес (ІP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІBM, Macіntoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT) байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлар арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам - Интернет провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет порвайдері болып қызмет атқаратын Интерент трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communіcatіons, Parasang, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т.б. мекемелер жұмыс істейді.
Іnternet-те қызмет көрсету провайдері – ІSP (Іnternet Servіce Provіder), Іnternet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Интернетке қосылу үшін не істеу керек?
Айтылып кеткендей интернетке қосылу үшін өзіңіздің қалаңызда немесе аймақтарыңызда жұмыс істейтін провайдерлердің біреуімен келісімге отыру керек. Келісімге отырып провайдер қойған бағамен ақшасын төлегеннен кейін, сіз өзіңізге керекті деректі аласыз: қолданушының аты, пароль, телефон номері, файл – сценарияй және т.б. Сонымен қатар провайдер торабына қосылудың инструкциясын аласыз. Осыдан кейін барып модемді қойып, оның жұмысының параметрін баптайсыз. Егер де сізде модем болмаса оны сатып алу үшін провайдердің мамандарынан кеңес алуыңыз керек. Сіз провайдерде бар модемді пайдалансаңыз жақсы сапа ала аласыз. Мысалы, егер де провайдерде ІДС типіндегі модем тұрса, сізге де сол типтегі модемді алуға кеңес береді. Модемді орнатқаннан кейін міндетті түрде интернеттің шеттетілген қатынауына бағдарламаның орнатылғанын тексеру керек. Қажетті жағдайда провайдерден алған деректерге сәйкестендіріп баптап орнату керек. Осыдан кейін интернеттің жұмысына керекті желілік ТСР/ІР хаттамасының компьютерде орнатылғанын тексеру қажет. Орнатылмаған жағдайда орнату керек. Келесі кезеңде шеттетілген қатынауды жаңадан біріктіріп, провайдерталаптарына сәйкестіріп баптау керек. Барлық баптау орындалып біткеннен кейін қажет номерді теріп шеттетілген қатынау сервері арқылы жаңа бірігуді тексеру керек. Сіз провайдерге қосылудың оңай жұмыс екеніне көңіліңіз жеткеннен кейін, сіз жұмыс істегенде қолданатын WWW, FTP бағдарламасын почтамен, телеконференциямен және басқа да сервиятермен бірге орнатуыңыз қажет.
Провайдер дегеніміз не?
Бір айта кететін жағдай телефон арнасы мен интернет арнасы әртүрлі арналар. Интернет арналарымен кабельдік, спутникалық және т.б. жоғарғы жылдамдықтағы байланысты әртүрлі фирмалар жасай алады. Мұндай фирмалар төлемдерге қарай отырып, интернетке қатынауды қалаған адамдарына бере алады. Мұндай кез келген фирма интернет көмегін жеткізуші немесе провайдер деп аталады.
Провайдер – ағылшын тілінен алынған, жеткізуші деген мағына береді. Біздің қаламызда немесе аймағымызда қандай провайдер жұмыс істейтінін прессалардағы жарнамалардан білуге болады. провайдер таңдауда, оның қызметін сипаттайтын мынадай мәліметтерге сүйенуге болады:
- Қостырудың бағасы, төлем ақысы ай сайын немесе сағатына, айлық абонент төлемінің көлемі немесе интернеттегі бір сағаттық жұмыстың бағасы.
- Басқа арналарға қосатын өткізуші тәсілі, бірінші кезекте шетел провайдерлерімен, әлемдік қорларға қатынауды қамтамасыз етеді. Арнаға жүктеудің деңгейі. Өткізу тәсілі жоғары болса, жүктеу деңгейі төмен болады да, байланыс сапалы шығады.
- Провайдердің шеттетілген қосылудың серверіне қостыратын телефон желісінің ТАС сапасы.
- Провайдер модемдерінің жүктемелерінің өлшемі немесе шеттетілген қосылу серверінің модеміне жедел түрде байланыс жасау жолы.
- Қостыру кезіндегі әртүрлі уақыттағы жеңілдік тарифтерінің болуы.
- Қолданушыларға техникалық көмектің деңгейі, консультация алу, білім беруді ұйымдастыру және т.б.
URL – интернеттегі қорлардың ақпараттық тікелей көрсеткіші.
Біз жоғарыда интернетке қосылған әрбір компьютерде белгілі бір символдарға сай келетін (домендік есім) немесе ұсынылған немесе цифр комбинациясы (ІР-адресі), сияқты өзінің бірден-бір адресі бар. Бірақ та бұл ақпарат жеткіліксіз, компьютерде нақты құжат табу үшін, белгілі каталогта файл күйінде сақталған болатын. Бізде белгілі, керекті файлға кіру үшін оған қарай сілтеу керек.
Барлық жазылып қойылған әлементтер (хаттама, кіруге болатын тәсілді жүйелеп баяндаушы, компьютер адресі, файлға жол және оның есімі). URL делінген әрбірақпаратталған қордың өте сирек мекен жайында жинақталған: (Unіversal Resource Locator - қордың универсалды көрсеткіші). URL – жай адрес немесе қордың адресі деп те атайды. Ең бастысы бұл адрестің қалай дұрыс жазылуын білу қажет. URL - ң толық барлық жинақталған әлементтері мынадай:
Хаттамалар://сервердің адресі / жол / файл – аты
Сервердің адресі – бұл мәліметтерді орналастыратын компьютердің домендік есімі.
Жол – бұл керекті файлдыңсақталған каталогтардың есімдерінің жүйелілігі. Каталогтар есімі көлбеген сызықпен бөлінеді (/).
Файл аты – бұл біз іздейтін файлдың (құжат) соңғы аты. Бұнда белгілі бір кеңею бар. Сонымен, Web - беттерінің есімінде html-ң ұлғаюы бар, яғни файлдар есімдері, pdf- ң көбеюінде - ғылыми баспалар. Ал gіf - ң jped (график), wou, au (дыбыс), avі (видео) да құжаттардың мультимедиясының есімдері сақталған.
Алдағы кезде біз енді ІР – сандық адрес немесе домендік аттарды пайдаланбаймыз, бұл жағдайда URL – ды пайдаланамыз.
Жақын арада URL - ң көмегімен адрес жіберген қорларға принтер қосылады. ІРР-ң (Іnternet Prіntіng Protocol 1.0) – интернет арқылы мөрлеу үшін хаттаманың алғашқы хабары жеткілікті болды. Оны әлемнің кез келген нүктесінен мөр процесімен басқаруға және өз құжатын принтерге тікеле салып жіберуіне пайдаланушыға мүмкіндік береді. Сондықтан интернет принтерді факсқа – тағы бір дәстүрлі құрылыстың, байланыстың альтернативасына айналдырды.
Нидерландиядағы Вагенингендік ауылшаруашылық университетінің коллоидтік химиялық және физикалық лабораториялық адресін URL-ң әртүрлі құрылымына мысал келтіруге болады (Laboratory for Physіcal Chemіstry and colloіd Scіence at the wagenіngen Adrіcultural Unіversіty).
Лаборатория туралы жалпы ақпаратты мынадай адрестен ала аласыз:
(whatwe – деген what are we дегеннің қысқартылғаны), ал мұнда жүргізілген зерттеулер туралы ақпарат мынадай адресте:
Бұл жерде кім жұмыс атқаратынын білу үшін міндетті түрде адресті енгізу керек:
Көріп отырғандай, соңғы адрес жеке қызметкерлердің Web – беттерінде көрсетілген, каталогты нұсқап, html - ң өрістеуімен аяқталмаған.
Барлық түгенделген адрес html – дан басталды. Бұл дегеніміз мәліметтердің Web – серверінде орналасқан. Бұдан басқа лабораторияда өзінің Gopher және FTP - серверлері адресімен бірге бар:
Сонымен бірге телеконференцияға (newsgroup):
Назар аударатын нәрсе, бұл жерде URL - ң стандартты форматынан (Use net newsgroup) осы соңғы адрестің форматынан өзгеше көрінеді.
Күнделікті анық аты бар welcome. html, іndex.html немесе home.html.
Жақын арада интернетте ең кең тараған сервистер деп есептелген әлектронды почтаның адресі және URL – дің стантартынан өзгеше көрінеді. Әлектронды почтаның адресі символдарға бөлінген @ 2 бөлімнен құралады. Символдың оң жағында абоненттің почталы бөлімі орналасқан компьютердің домендік аты көрсетілген, ал сол жағында абоненттің шартты аты жайғастырылады. Әдетте мұндай ат және фамилиядан алынған символдар комбинациясы атқарады.
Осылай, Вагенингендік ауылшаруашылық университетінің химиялық коллоидті және физикалық лабораториясынан профессор Карл Цельтер өз адресін kzelt @ fenk.wau.nl сияқты анықтауы тіпті ықтимал (мүмкін).
Іnternet-тің қызмет баптары
Іnternet-тің қызмет баптары – WWW (World Wіde Web) деп аталатын дүниежүзілік тармақталған өрмек, яғни торап, оны WWW немесе Web деп те айта береді. Әлектрондық почта (E-maіl), Іnternet News (Usenet) – Интернеттік жаңалықтар жүйесі, FTP, Copher, Іnternet Talk Radіo, Іnternet Relay Chart (ІRC), Telnet т.б. Бұлардың ішіндегі ең жиі қолданылатындары – алғашқы үшеуі.
Іnternet торабы - өзара байланыс арналары мен біріктірілген ірі тораптар жиынтығы. Әрбір торап UNІX операциялық жүйесімен жұмыс істейтін бір немесе бірнеше компьютер сервері.
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.
Рабочие листы и материалы для учителей и воспитателей
Более 2 500 дидактических материалов для школьного и домашнего обучения
Столичный центр образовательных технологий г. Москва
Получите квалификацию учитель математики за 2 месяца
от 3 170 руб. 1900 руб.
Количество часов 300 ч. / 600 ч.
Успеть записаться со скидкой
Форма обучения дистанционная
- Онлайн
формат - Диплом
гособразца - Помощь в трудоустройстве
Видеолекции для
профессионалов
- Свидетельства для портфолио
- Вечный доступ за 120 рублей
- 311 видеолекции для каждого
Компьютерлік желілердің түрлері
Қазіргі уақытта компьютерді қолданудың ең маңызды аясы көптеген қолданушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ететін желілерді құру болып табылады.
Желіге компьютерлерді біріктіру үлкен сыйымдылықты дискілерді, принтерлерді, негізгі жадыны, программалық құралдарды бірге қолдану болып табылады.
Компьютерлік желі деп қолданушыларды ақпараттық, программалық және аппараттық ресурстарды және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен пайдалануды қамтамасыз ететін өзара байланысқан компьютердің жиынтығы.
Компьютерлік желілер – деп әртүрлі қорларды мысалы программаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдаланатындай етіп, бір-бірімен кабельдің көмегімен арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады.
Егер желі онша үлкен емес және мекеменің бірнеше бөлмесін қамтыса, онда оны жергілікті желі деп атайды.
Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корпоративтік деп. Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға таралған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтік те, жалпы да бола алады.
Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктірілді.
Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалық деп екіге бөлінеді.
Ақпараттық ресурстарға программалар және деректер, ал техникалықтарға – принтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар кіреді.
Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар және деректері бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу логикалық дискіге жазылғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталады. Желінің басқа компьютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады.
Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және керісінше, ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады.
Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады.
Желілік операциялық жүйелер
Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік,операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.
Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;
ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;
ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.
Компьютерлік желілерді аймақтық таратылу дәрежесі бойынша классификациялауғаболады. Оларды ауқымды (глобальный), аймақтық (региональный) және жергілікті (локальный) желілер деп бөлуге болады.
Ж ергілікті желілер
Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады. Адаптер компьютердің аналық тақтайшасындағы кеңейту слотына қондырылады.
Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. әр қосылу – деректер үшін жаңа маршрут. Желілердің функционалдықмүмкіндіктерін жүзеге асыратын әр түрлі желі топологиялары қолданылады.
Желі топологиясы – бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютердің бір-бірінеқатысты физикалық орналасуы.
Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина және шина.
«Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелейқосылу болмайды.
Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде тиісті жеріне жеткізеді. Мұндайтопологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелегенжалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. «Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.
«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны;деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған.
Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. «Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істеншықса, бүкіл желі тоқтап қалады.
«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте шина деп аталатын коаксиалдыкабельді пайдаланады.
Барлық желілік компьютерлер «шинаға»тікелей қосылады. Бұл желіде деректер 2 бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина»жағдайындағыдай, желілінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина»желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді. Өзге де топология түрлері:
Деректерді беру жылдамдығымен, оның құрамына сәйкес өзгешеленетін деректерді берудің түрлі технологиялары бар. Ең танымалдары: Enthernet, ARCNET және IBM token ring.
Enthernet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Palo Alto зерттеу орталығында жасады. Enthernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де құрыла береді.Канал ретінде коаксиалды кабель қолданғанда, Enthernet желісі шина сияқты кескінделеді. Егер есулі қос өткізгіш қолданған болса, Enthernet жұлдызша кескінделеді. ARCNET технологиясыDatapoint Corporation фирмасында 1968 жылы жасалған. ARCNET технологиясының желісі де,Enthernet желісі сияқты, екі топология бойынша (жұлдызша және шина) құрыла алады. Token ring«жұлдызша» топологиясы бойынша «көп пайдаланушы кіруге болатын станция» аталатын IBMарнайы құрылысымен орталық хабра ретінде жұмыс істейді. Бірақ онымен байланысу үшін әр компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша –қабылдайды.
Ауқымды компьютерлік желі ИНТЕРНЕТ
Интернет – ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта 20-дан аса ауқымды желіліер бар, бірақ солардың ең танымалдысы – Интернет желісі.
Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары және бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютер желілерінің жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіл әлемдік ақпарат жүйесі болып отыр. Алғашқыда интернетті құру мақсаты - әртүрлі типтегі компьютерлік желілерді біріктіру болып табылады. Қазіргі уақытта компьютер мен телекоммуникация аймақтарында ғана емес, сонымен бірге әрбір адам өзіне қажетті ақпаратты тауып, оған қажетті дегенді бере алады. Соның нәтижесінде интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толығып отырады.
1965 жылы Массачусет технологиялық институтындағы компьютер Калифорнияның телефон байланысына қосылды. Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET желісі оқу орындарын, әскерлер мен әскери мәдігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған.
ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашықтағы компьютерге программа енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұған файлдарды, электронды почтаны және жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысып жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET-тің өсуіне орай және басқа желілерде дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.
1971-1972 жылдары ARPANET желілеріне арналған бірыңғай хаттамалармен жұмыс аяқталды. Бұл хаттама Network Control Program (NCP) деген атауға ие болды.
Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері қолданылады: төмен жылдамдықтағы телефондардан жоғары жылдамдықты спутниктік арналарға дейін. Аппараттық және бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен, ЭЕМ және бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болу үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі бір өлшемді блоктарға бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді – пакеттер ретімен адресатқа жөнелтеді.
Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер
Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net - желі, work - жұмыс) – берілген ереже-лерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.
1 . Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер
Компьютерлерді желіге біріктіру себептері:
1) бірнеше ЭЕМ-ге бір ортақ дискіге (CD-ROM-ға немесе стримерге) жазылған мәліметті бірігіп пайдалану,
- бір принтерге, плоттерге нәтижелер шығару, - ортақ сканерді қолданып, информация көшірмелерін кезекпен алып отыру.
Бұлар әр тұтынушының сол құрылғыларға жіберетін шығындарын азайтады.
2) қолданбалы программалардың да (Word, Excel, т.б.) ортақ дискіге жазылған бір ғана желілік көшірмесін қолдануға болады.
Компьютерлерді желіге біріктірудің негізгі мақсаты:
Әрбір тұтынушыға желідегі барлық компьютерлердің меншікті құрылғыларын пайдалануға потенциалдық мүмкіндік беру.
Сол себепті барлық құрылғылардың электрлік және механикалық параметрлері бір-біріне сәйкес келуі керек, оның үстіне информациялық жабдықтама-лардың да (программалар мен мәліметтер) кодталу жүйесі мен бейнелену форматтары бір-біріне ұқсас, әрі үйлесімді болуы тиіс.
Желіге қойылатын талаптар
2. Компьютерлік желілердің жіктелуі (классификациясы)
Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі:
географиялық қамтылу аймағына қарай;
өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;
топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;
Географиялық қамтылу аймағына қарай желілер мынадай топтарға бөлінеді:
Өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты желілер:
ТОПОЛОГИЯ (байланысу тәсілі) бойынша желілердің жіктелуі:
Басқарылу тәсіліне қарай желілер былай жіктеледі:
Бір орталықтан басқарылатын желі, мұнда бір компьютер сервер желі жұмысын басқарады. Сервер – арнайы программалық жабдықтама орналасқан дискілерінің көлемі үлкен, әрі қуатты компьютер. Желідегі басқа қарапайым компьютерлер жұмыс станциялары деп аталады. Жергілікті желілер көбінесе бір сервер арқылы басқарылады.
БІР ДЕҢГЕЙЛІ КОМПЬЮТЕРЛЕР ЖЕЛІСІ (БІР РАНГЫЛЫ) – МҰНДА ЖЕЛІНІ БАСҚАРУДА БАРЛЫҚ КОМПЬЮТЕРЛЕР ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫ БОЛЫП САНАЛАДЫ . Басқаша айтсақ, кез келген машина мәлімет алмасу үшін бір-бірімен сәйкес келетін программалармен жабдықталған. Олардың барлығы да желіні кезектесіп басқару ісіне араласа алады.
Бір орталықтан басқарылатын жергілікті компьютер желісі (шиналық топология) :
3. Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері
Желі құрамындағы негізгі элементтер:
Компьютерлер: (ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер).
Коммуникаци ялық жабдықтар : (коммутатор лар ; маршрутизатор лар ; байланыс арналары ).
Операци ялық жүйелер : (Windows; Novell NetWare; Unix).
Желі қосымшалары : ( желілік принтер ; желілік диск ; мәліметтер баз ас ы ).
Оларға модемдер , кабель жүйелері , көпірлер ( мосты ), коммутатор лар , маршрутизатор лар , модуль дік концентратор лар , т . б . жатады . Қазіргі кезде коммуникаци ялық құрылғылар арнайы күрделі мультипроцессор түрінде де кездеседі , сондықтан оларға конфигура циялау , оптимиз ациялау және администр ациялау істерін жүргізу керек .
Ең соңғы сатыға желідегі қолданбалы программалар жатады . Олар : желілік мәліметтер баз ас ы , по ш т а жүйесі , мәліметтерді сығу ( архив теу ) программалары , ұжымдық жұмысты автоматтандыру жүйелері , т . б .
Қорыта келгенде, Internet-тің негізін жоғары жылдамдықты кеңарналы желілер құрайды, тәуелсіз желілер кеңарналы желілерге NAP (Network Access Point) желілік қатынау нүктелері арқылы қосылады. Тәуелсіз желілер дербес жүйелер түрінде қарастырылады, себебі олардың өзіндік әкімшілік басқаруы және маршруттау хаттамалары бар. Дербес жүйелер ретінде ірі ұлттық желілер болады, мысалы – европалық EUNet, Россия университеттерінің RUNet желілері. Кейбір дербес жүйелер Internet желісіне қатынау қызметін көрсетуге мамандандырылған компаниялар құрады, оларды провайдерлер деп атайды (мысалы, АҚШ-та UUNET, Россияда Relcom).
Internet-те алмасу режімдері, хаттамалары және адресациялау. Internet жүйесіне қосылу әртүрлі әдістермен жүзеге асады, ондай әдістер:
- электрондық пошта (E-mail);
- қашықтан қатынас құру (TelNet);
- файлдарды іздеу және жеткізу (FTP);
- мәтіндік файлдарды меню жүйесі көмегімен іздеу және жеткізу (Gopher);
- құжаттарды гипемәтіндік сілтемелердің көмегімен іздеу және жеткізу немесе бүкіл әлемдік өрмек (WWW – World Wide Web).
Аумақты желілерде ақпарат алмасудың екі режімі бар – on-line және off-line. On-line – желіге қосылып тұрып бірігіп жұмыс істеу режімі, диалогтық режім. Off-line – желіге қосылмай жұмыс атқару режімі, электрондық пошта арқылы жөнелтетін мәліметтерді даярлау. On-line режімі – телефонмен сөйлесуге ұқсас, off-line режімі – поштамен хат алмасуға ұқсас.
Internet жүйесіне қосылған әрбір компьютер өзінің ерекше IP-адресіне ие болады. IP-адрес – ұзындығы 32 бит, әрқайсысы 8 биттік 4 бөліктен тұратын желілік адрес. Ол екі бөліктен – желі адресі және осы желідегі хост адресінен тұрады. Хост (host -қожайын) – желіге тікелей қосылған, өзіндік адресі бар компьютер. Сандық IP-адрестерді адамдар қолдануға ыңғайсыз болғандықтан, IP-адрестерге символдық аттарды сәйкес қоятын механизм қолданылады, оны домендік аттар жүйесі (DNS – domain name system) деп атайды. Мұндай жүйеде пайдаланушы адресі екі бөліктен тұрады:
Пайдаланушы идентификаторы және домен аты өзара нүктемен ажыратылған бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін. Домен атында негізгісі түпкі домен, әры қарай бірінші, екінші, үшінші деңгейлі домендер орналасады. Түпкі доменді InterNic таратады, бірінші деңгей әр мемлекет, келесі деңгей мекемелер типі үшін, т.с.с. тағайындалады, мысалы: kz –Казақстан, ru – Россия, su – постсовет мемлекеттері үшін, ca –Канада, uk – Ұлыбритания, us – АҚШ, ua – Украина, de – Германия мемлекеттері үшін анықталған ішкі домендер. Мекемелерге сәйкестікті анықтайтын ішкі домендер үш символдан тұрады, мысалы: com – коммерциялық мекемелер, edu – білім беру және ғылыми мекемелер, gov – мемлекеттік мекемелер, mil — әскери мекемелер, net – желілік мекемелер, org – басқа мекемелер үшін. Екінші деңгейдегі ішкі домен қала, аймақ аттарын белгілейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
1. Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі « Информатика негіздері »
2008 ж.-№ 4 Ж. Садыбекова
2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
3. Информатиканы оқытуда интерактивті тақтаны қолдану
« Информатика негіздері » 2008 ж.-№ 5
4. О. Сейтқұлов «Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар» Шымкент-2012 ж.
Ақпаратты бірінші компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер, компакт-дискілер қолданылады. Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса және жұмыс кезінде онымен ұдайы алмасып отыру қажет болса, онда мұндай әдіс қолайсыз болады. Сондықтан, компьютерлер дамуының бастапқы кезеңінде-ақ оларды арнайы кабельдердің және басқару бағдарламаларының көмегімен жалғастырып, компьютерлер арасында нақты уақыт режимінде деректермен алмасу ойы пайда болды. Компьютерлерді осылайша бір-бірімен байланыстыруды компьютерлік желі деп атады.
Компьютерлік желі – бұл әртүрлі қорларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.Желіге енетін компьютерлер бірігіп пайдалана алады:
- Мәліметтерді;
- Хабарларды;
- Принтерлерді;
- Факстік аппараттарды;
- Модемдерді;
- Басқа да құрылғыларды.
Бір-бірімен қатар орналасқан компьютерлерді біріктіретін жүйелер жергілікті желі деп аталады. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі.
Егер желі үлкен қаланың, елдің немесе дүние жүзінің компьютерлерін қамтитын болса, онда оны ауқымды желі деп атайды.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.
Желіге біріктірілген компьютерлер алатын орнына байланысты бір-бірінен ажыратылды. Компьютер немее сервер, немесе клиент болады. Компьютерлік желінің ортақ мәселелерін орындайтын және жұмыс станцияларына қызмет көрсететін компьютерді сервер деп атайды. Серверлер көбінесе ортақ ақпаратты сақтау қоймасы немесе желі жұмысын басқару орталығы болып табылады. Клиент – желілік ресурстарды қолданатын, желіге қосылған кез-келген компьютер.
Барлық желілердің қандай да бір ортақ компоненттері, функциялары, мінездемелері болады. Оған келесілер жатады:
- Серверлер – ресурстары желіні пайдаланушыларға ортақ болатын компьютер;
- Жұмыс станциялары – серверлер ұсынатын желілік ресурстарды қолданушы компьютерлер;
- Желілі орта – компьютерлердің бір-бірімен байланысу тәсілі;
- Бірлесіп қолданатын мәліметтер;
- Бірлесіп қолданатын шеткі құрылғылар, мысалы: принтер, CD-ROM ресурстары;
- Ресурстар – желіде қолданылатын файлдар, шеткі құрылғылар және басқа да элементтер.
- Бір рангілік желілер
- Сервер негізіндегі желілер
Сервер негізіндегі желілердің құрамында бір немесе бірнеше компьютерлерде арнайы желілік операциялық жүйе іске қосылады. Олардың негізгі қызметі - әрбір жеке компьютер иесіне желі ресурстарын пайдалануды қамтамасыз ету.
Компьютерлік желілермен жұмыс істеу кезінде қолданылатын негізгі түсінік және анықтама
Компьютерлік желі (КЖ) немесе ЭЕМ желісі деп ақпаратты–есептеуіш жұмыстарын орындаған кезде есептеуіш дәрменділігін және есте сақтаушы құралдарын тиімді қолдану үшін желілік программалық қамтамасыздандару және өзара деректерді беру каналдарымен байланысқан ЭЕМ-дың территориялық кешенін айтады. Сондықтан компьютерлік желілерді аппараттық, пограммалық, ақпараттық территориясы бойынша бөлінген жүйе ретінде қарастыруға болады, сонымен бірге техникалық құралдар компьютерлік желінің потенциалын, ал прогаммалық қамтамасыздандару нақты мүмкіндігін ашып береді.
Жалпы жағдайда компьютерлік желілер бір біріне енгізілген үш ішкі жүйелердің жиынтығын құрайды:
- жұмысшы станциялар желісі
- серверлер желісі
- деректерді берудің негізгі желісі
Серверлер желісі – серверлерді олардың арасындағы желі арқылы негізгі желімен және өзара байланыстыратын желі.
Деректерді тасымалдаудың негізгі желісі – серверлер арасында мәліметтер тасымалдау жиынтығы. Ол байланыс каналдары мен түйіндерінен тұрады. Байланыс түйіні деп коммутация құралдары мен бір пунктте мәліметтерді тасымалдау жиынтығын айтады. Байланыс түйіні байланыс каналы арқылы түскен мәліметті қабылдап алады да оны абонентке баратын каналға жібереді. Байланыс түрінің мысалы ретінде телефон станцияларын алуға болады. Желі түйіндерін байланыстырудың симметриялық сызбасын желі тапологиясы деп атайды. Желі топологиясының түрлері көп, олардың ішіндегі негізгілері: шиналық, сақиналық, жұлдыз тәрізді түрлері болып табылады.
Желі тапологиясын таңдау өте жауапты жұмыс, оны компьютерлік желінің жобасын жасамас бұрын анықтап алу керек. Желі тапалогиясы компьютерлік желі жасаудың соңғы кезеңінде өзгерту өте күрделі және қымбат тұратын мәселе. Жұмысшы станциялар желісінде моноканалдар (жалғыз канал), ал деректерді жіберудің негізгі желісінде – поликаналдар (моноканалдар жиынтығы) жиі қолданылады.
Компьютерлік желілерді ұйымдастырудың негізгі принциптері оның басты сипаттарын анықтайды:
- операциялық мүмкіндіктері;
- өндіргіштігі;
- хабарды жеткізу уақыты
- ұсынылатын қызметтердің құны.
Компьютерлік желінің өндіргіштігі пайдаланушының есебін шешуге қатысатын компьютерлердің қосындысы. Компьютерлердің өндіргіштігі олардың процессорларының нақты өндіргіштігін көрсетеді.
Хабарды жеткізу уақыты желіге хабарды жіберген мезеттен адрестерге хабардың барған мезетінің статистикалық орташа уақыты алынады.
Желінің базалық топологиясы.
Желі түйіндерін байланыстырудың симметриялық сызбасын желі топологиясы деп атайды. Желі топологиясының түрлері көп, олардың ішінде негізгілері:
- шиналық
- сақиналық
- жұлдыз тәрізді
2. Жұлдыз тәрізді топология.
Жұлдыз тәрізді топологияда әрбір компьютер өз кабелімен орталық компанент – концентатор (hub)-ға жалғанады. Жіберуші компьютердің сигналдары концентратор арқылы қалған барлық компьютерлерге жетіп отырады. Бұл топологияда бір кабель үзілгенімен, тек бір жұмыс станциясы ғана істен шығады да, желі қалған станциялармен жұмыс істей береді.
3. Сақиналық топология.
«Сақиналық топологияда» компьютерлер сақина тәрізді тұйық кабельге жалғанады. Сондықтан кабельде терминатор жалғайтындай бос орын болмайды. Сигналдар сақина бойымен бір бағытта жеткізіледі және әр компьютер арқылы өтеді.
Желілік хаттамалар (протоколдар), желілік құрылғылар.
Әр түрлі бағдарламалармен және аппараттармен жабдықталған компьютерлер желіде бір-бірімен ақпарат алмасуы үшін байланыстың арнайы түрлері қабылданған. Байланыстың осындай ортақ тілін желілік хаттама деп атайды. Соңғы кезде ортақ тілдер өрісін кеңейтіп хаттамалар пакетіне айналды. IРX/SPX, TCP/IP және NETBEVI хаттамалары өте кең тараған болып табылады.
Желілік хаттамалар ішіндегі ең қарапайымы – NETBEVI, ол баптауды қажет етпейді, сондықтан 20-дан 200-ге дейінгі компьютерлерді біріктіретін аса ірі емес жергілікті желілерде қолданылады. Бұл хаттамада шлюздар қолданылмайды, сондықтан бұл хаттама ауқымды желілерде пайданылмайды. NETBEVI хаттамасы келісідей мүмкіндіктерді туғызады:
- автоматты түрде баптау;
- қателіктерден қорғау;
- жадқа аса көп талаптар қоймайды.
- маршрутталған хаттама;
- әр түрлі ортадағы байланысты ықшамдайды;
- INTERNET және оның ресурстарына жол ашады.
Адаптер – желілік архитектураның ең төменгі деңгейі. Ол желілік сым мен операциялық жүйенің байланысын қамтамасыз етеді. Желі адаптері бөлек сатылады, бірақ кейде компьютер құрамында болуы да мүмкін. Желі адаптерлері қызмет істеу топологиясына қарай үш топқа бөлінеді.
Компьютерлер бір-бірімен ақпарат алмаса алуы үшін оларды бір-бірімен байланыстыру қажет. Жергілікті желілерді және жекеленген компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын байланыс түрін мәліметтерді тасымалдау жолы деп атайды. Жергілікті желілерде негізінен кабельдің екі түрі қолданылады:
Концентраторға (HUB) жергілікті желідегі барлық компьютерлер қосылады. Концентратордың әрбір портына бірден артық желілік құрылғы қосуға болмайды. Концентратордың алдыңғы қабырғасындағы индикаторлар әрбір порттың мәртебесін көрсетеді. Жасыл болып жанып тұрған индикатор осы портқа клиент компьютерінің мүлтіксіз қосылғанын көрсетеді.
Модем – бұл компьютерлерге телефон желісі арқылы ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Компьютерлер бір-бірінен алыс орналасқанда оларды бір-бірімен стандартты кабель арқылы жалғауға болмайды, олардың арасындағы байланыс модем арқылы орнатылады. Модемдер компьютерден цифрлық сигнал қабылдайды да, оны телефон желісі арқылы жіберуге болатын дыбыстық толқынға түлендіреді. Қабылдау кезінде осыған кері әрекеттер орындалады. Модемдер ішкі және сыртқы бола алады.
Жоғарыда аталған құрылғылардан басқа ауқымды желілерді құру үшін маршрутизаторлар қолданылады. Оларды кейде шлюздар деп атайды. Желідегі клиент компьютерін дұрыс баптау үшін администратор шлюз адресін сізге хабарлауы қажет.
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.
Рабочие листы и материалы для учителей и воспитателей
Более 2 500 дидактических материалов для школьного и домашнего обучения
Столичный центр образовательных технологий г. Москва
Получите квалификацию учитель математики за 2 месяца
от 3 170 руб. 1900 руб.
Количество часов 300 ч. / 600 ч.
Успеть записаться со скидкой
Форма обучения дистанционная
- Онлайн
формат - Диплом
гособразца - Помощь в трудоустройстве
Видеолекции для
профессионалов
- Свидетельства для портфолио
- Вечный доступ за 120 рублей
- 311 видеолекции для каждого
Компьютерлік желілері туралы түсінік, оның тағайындалуы.
Компьютерлік желілердің классификациясы
Желі дегеніміз ресурстарды – дискілерді, принтерлерді ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан бірнеше компьютерлер тобы.
Бірнеше (екіден артық) компьютерлерді бір-бірімен физикалық түрде байланыстырғанда компьютерлік желі құрылады. Жалпы компьютерлік желі құру үшін арнаулы аппараттық жабдықтама (желілік жабдықтар) және арнаулы программалық жабдықтама (желілік программалық құралдар) қажет болады. Мәлімет алмасу үшін компьютерлерді қарапайым түрде бір-бірімен байланыстыру түрі тікелей байланыс деп аталады. Компьютерлік желілерді құру кезінде шешілетін негізгі мәселе – аппараттық жабдықтардың электрлік және механиалық сипаттамалары мен информациялық жабдықтамалардың (программалық мәліметтердің) форматтары мен кодталу жүйелерінің бір-біріне сәйкес келіп үйлесуін қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы мәліметтер үйлесімін жүзеге асыру үшін оларды стандарттау мақсатында OSI (Model of Open System Interconnections – ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделі) моделі жасалып шықты. Бұл модель Халықаралық стандарттар жасау ұйымының – ISO (International Standards Organization) техникалық ұсыныстары негізінде құрылған еді.
Осы ISO/OSI моделіне сәйкес компьютерлік желілер архитектурасының әртүрлі деңгейлерін (деңгейлер саны – жетіге шейін) қарастыру керек. Олардың ең жоғарғысы – қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі – физикалық деңгей болып саналады.
Компьютерлік желі архитектурасының осы жеті деңгейінде мәліметтердің бір-біріне қажетті сәйкестігін қамтамасыз ету үшін протокол (хаттама) деп аталатын арнайы стандарттар жасалған.
Пайдаланылатын хаттамаларға байланысты компьютерлік желілер жергілікті (LAN – Local Area Network) және ауқымды (WAN – Wide Area Network) деп екіге бөлінеді.
Жергілікті желі – бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын орналасқан ғимараттарда орналасқан компьютерлер желісі. Олардың бірі көбінесе орталық сервер (басты компьютер) рөлін атқарады. Жергілікті компьютерлік желіге қосылған әртүрлі ЭЕМ-дердің дискілеріндегі бумалар мен файлдарда орналасқан мәліметті пайдалану өз компьютеріңде орналасқан мәліметті пайдалануға өте ұқсас болып келеді. Желі ресурстарын ортақ пайдалану үшін керекті мәлімет орналасқан, осы желіге қосылған басқа бір компьютердің мәліметтер бумасын ашу қажет.
Ауқымды (ғаламдық) желілер бүкіл дүние жүзіндегі компьютерлерді немесе олардың тораптарын байланыстыруға арналған желілер түрі, олар көбінесе ғарыштық (спутниктік) байланыс арналарын пайдаланады.
Компьютерлік желілердің барлық түрлерінің атқаратын қызметі екі функциядан тұрады, олар:
- аппараттық және программалық желі ресурстарының бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- мәліметтік ресурстарға бірігіп ортақтаса қатынас құруды қамтамасыз ету.
Егер желіде барлық компьютерлер ортақ пайдалануға арналған арнайы бөлінген компьютер – сервер болмаса және барлық компьютерлер бірі-бірімен “тең құқықты” мүмкіндікпен мәлімет алмасатын болса, ондай желілер біррангылы (әдетте олар шағын желілер) деп аталады.
Бір мәселені шешу мақсатында жергілікті желі арқылы байланысып жұмыс істеп жатқан қызметкерлер тобын жұмысшы топтар деп атайды.
Желіге қосылған компьютерлердің құқықтарын бөлу және шектеу тәсілдері жиынын желі саясаты деп атау қалыптасқан. Желі саясатын реттеп отыру істерін желіні басқару деп атайды. Ал жергілікті желідегі компьютерлер жұмысын басқаруды ұйымдастырушы тұлға желі басқарушысы (әкімі) болып табылады.
Әртүрлі хаттамалар бойынша жұмыс атқаратын бірнеше жергілікті желілерді бір-бірімен байланыстыру үшін арнайы құралдар – шлюздар (тоғандар) қолданылады.
Мекеменің жергілікті желісін ауқымды (ғаламдық) желіге қосар кезде желі қауіпсіздігі деген ұғым туындайды. Жергілікті желі мен ауқымды желі арасында мәліметтер алмасуы кезіндегі олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету брандмауэрлар арқылы жүзеге асырылады. Желілер арасында мәлімет тасымалдауда оларды қорғау, пайдалануды шектеу істерінде брандмауэр рөлін арнайы компьютер немесе программа атқаруы мүмкін.
Желідегі қызмет түрлері. Негізгі түсініктер
Виртуальды байланыс туралы түсінік. Кәдімгі пошта арқылы екі адамның қарапайым мәлімет алмасуын қарастырайық. Егер олар бір-біріне тұрақты түрде хат жіберіп, хат алып тұратын болса, олардың арасында тұтынушы (қолданбалы) деңгейінде байланыс болғаны. Бірақ олар бір-біріне хаттарын өздері алып бармайды, пошта жәшігіне сала салады, яғни тікелей байланыста емес. Олардың басқалар көмегімен мәлімет алмасу түрін виртуальды (нақты болмағанымен елестетуге болатын) байланыс деуге болады. Өйткені біздің хатымыздың басқа жердегі танысымызға жетуі үшін өзіміз бармай-ақ, қаламыздағы пошта қызметінің басқа қаладағы поштамен байланысы болса болғаны. Біздің байланысымыз пошта қатынасы арқылы жүзеге асып, бізге өзіміз тікелей байланыста сияқты болып көрінетін, елестетуге болатын виртуальды байланыс түрін осылай деп қарастыруға болады.
Мемлекеттік пошта қызметі де өз жұмысында осындай төменгі деңгейдегі байланыс арқылы жүзеге асырылады, мысалы, хат алмасу теміржолдың пошта-багаж қызметін ұйымдастыру жолымен атқарылады. Тек осы қызмет бабының жұмысына қарап, біз екі қаланы физикалық түрде байланыстырып тұрған темір жол екенін байқаймыз.
Ашық жүйелердің әрекеттесу моделі. ISO/OSI моделінде компьютерлер арасындағы байланыстың жеті деңгей арқылы орындалатыны айтылған болатын. Енді әртүрлі құрылықтарда орналасқан компьютерлер арасында қалай мәлімет тасымалданатынын қарастырайық.
1. Тұтынушы алғашқы қолданбалы деңгейде өз компьютеріндегі программалар көмегімен жіберілетін құжатын даярлайды.
2. Ұсынылу деңгейінде тұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе мәліметтің қайда жазылып тұрғанын анықтап, оның келесі деңгеймен әрекеттесуін қадағалайды.
3. Келесі сеанстық деңгейде тұтынушы компьютері жергілікті немесе ауқымды желімен байланысады.
4. Тасымалдау (транспорт) деңгейінде жөнелтілетін құжат қолданылатын желі хаттамалары талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы форматқа (пакеттерге) түрлендіріледі.
5. Желілік деңгейде мәліметтің тасымалдану маршруты анықталып, ол адреспен толықтырылады.
6. Байланысу деңгейінде желілік деңгейден алынған мәлімет модем көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға түрлендіріліп, оны модульдеу ісі атқарылады.
7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы физикалық деңгейде орындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымалданады. Мәліметті қабылдап алу тағы да екінші тұтынушы компьютерінде осы деңгейлердің кері бағытта жұмыс істеуі арқылы биттерді қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жолымен атқарылады.
Виртуальды байланыс ерекшеліктері. Мәлімет жөнелткен сервер мен оны қабылдап алған клиент кмпьютері хаттамаларының әртүрлі деңгейлері бір-бірімен тікелей әрекеттеспей, олар тек физикалық деңгей арқылы байланысады. Мәліметтер бірте-бірте жоғары деңгейден төменгі деңгейге үздіксіз түрлене отырып, қосымша деректермен толықтырылады да, олар деңгейге сәйкес хаттамалар арқылы қадағаланып тексеріліп отырылады. Осындай тәсілмен екі компьютердің бір-бірімен виртуальды байланысы жүзеге асырылады. Байланыс виртуальды болғанмен, мәлімет осындай сатылар арқылы бір нүктеден екінші нүктеге түрлендіріле отырып жеткізіледі.
Желідегі қызмет түрлері. Қазіргі Интернетті пайдалану қызметтерінің барлығы да осы виртуальды байланысқа негізделген. Мәліметтерді тасымалдау қызметі желілік деңгейдің виртуальды байланысына негізделіп, соның хаттамаларына сәйкес құрылады.
Интернет. Негізгі түсініктер
Интернет – біріктірілген желілер жүйесі, яғни желілердің желісі деген ұғымды білдіреді. Соңғы кездері оны Дүниежүзілік компьютерлік желі деп атайды. Физикалық тұрғыдан алғанда Интернет бір-бірімен байланыс арналарымен біріктірілген бірнеше миллион компьютерлердің жиыны деп қарастыруға болады. Бірақ мұнан гөрі Интернетті белгілі бір информациялық кеңістік деп айтқан дұрысырақ болады.
Интернеттің теориялық негіздері
Компьютер арқылы мәлімет тасымалдау тәжірибелері 1950 жылдары басталып, ол әуелгі кезде лабораториялық эксперимент түрінде қарастырылған еді. Содан оншақты жылдар өткен соң, АҚШ қорғаныс министрлігінің Перспективалық Жұмыстар Агенттігі (DARPA – Defense Advanced Research Project Agency) қаржысына мемлекеттік деңгейдегі алғашқы компьютерлік желі жасалып шықты. Агенттіктің атына байланысты ол ARPANET деп аталды. ARPANET желісі 1969 жылы жұмыс істей бастады. Осы желі жаңа компьютерлер тораптарының (түйіндерінің) қосылуына қарай кеңітіліп, 80 жылдарда ірілендірілген тораптар негізінде аймақтық желілер жасалып, ARPANET жүйесі жалпы архитектурасының төменгі деңгейлері іске қосыла бастады. Интернеттің нақты дүниеге келуі 1983 жыл болып саналады. Дүниежүзілік желі негізін құрайтын, бүгінге дейін кең пайдаланылып келе жатқан TCP/IP байланыс хаттамасының сол стандартталған мерзімі Интернеттің бастау алған күні болып табылады.
TCP хаттамасы . TCP(transfer control protocol) хаттамасына сәйкес жөнелтілетін мәліметтер шағын пакеттерге (дестелерге) бөлінеді де, олардың әрқайсысы белгілі бір тәртіппен таңбаланады. Бұлай таңбалау тәсілі мәліметтерді керекті компьютерге жеткізгеннен кейін қайтадан біріктіруге мүмкіндік береді.
IP хаттамасы . IP (Internet Protocol) адрестік хаттама болып табылады. Оған сәйкес Дүниежүзілік желіге қосылған әрбір компьютердің өзіндік ерекше адресі (IP-адрес) болуы тиіс. Осы адреске қарай TCP пакеттері керекті компьютерге тез жеткізіледі. Адрес нүктемен бөлінген төрт саннан тұрады. Соларға байланысты желі тораптары арасында қажетті байланыс орнатылады да, мәлімет “жақын” немесе “алыс” орналасқан бір компьютерге жөнелтіледі. Бұл тырнақшадағы сөздер ара қашықтықты емес, мәліметті жылдам жеткізуге болатын нүктелер мүмкіндігін көрсетеді. Қай компьютердің “жақын” немесе “алыс” екендігін арнайы құралдар – маршрутизаторлар анықтайды.
Интернеттегі қызмет түрлері
Интернетте қызмет түрлері (баптары) өте көп, олардың әрқайсысының өз хаттамасы болады. Олар қолданбалы хаттамалар деп аталады. Қолданбалы хаттамаларға сәйкес мәлімет алмасу арнайы клиенттік программалар (немесе жай клиент) арқылы орындалады.
Терминальдық режим. Интернетті алдыңғы кезде алыстағы компьютерді басқару үшін қолданған болатын, мұны Telnet қызмет бабы деп атаған еді. Алыстағы компьютерге осы жұмысқа сәйкес хаттама арқылы қосылып, оның жұмысын басқаруға болады. Мұндай басқару түрін консольды немесе терминальды басқару деп те атайды. Көбінесе Telnet қызмет бабы техникалық объектілерді алыстан басқару мақсатында қолданылады.
Электрондық пошта (E-Mail) . Бұл жұмыспен Интернетте арнайы пошта серверлері айналысады. Сервер рөлін компьютер немесе арнайы программалық жабдықтама атқарады. Пошта серверлері әр тұтынушыдан (клиенттерден) мәлімет алып, оларды адрестеріне сәйкес алушыларға жақын орналасқан пошта серверлеріне жөнелтеді. Сондай серверлерде хаттар жиналып тұрады да, адресат пен сервер байланысқан кезде хаттар оны алушыға жіберіледі.
Пошта қызметі SMTP және POP3 сияқты екі хаттама арқылы жұмыс атқарады. Алғашқысы мәліметті компьютерден жақын жердегі серверге жөнелтеді, ал екіншісі – алушы маңындағы серверге келіп түскен мәліметті керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді.
Тарату тізімдері (Mail List). Әдетте электрондық пошта екі компьютер арасында мәлімет тасымалдайды. Ал көптеген мәліметтер бір адамға емес, көпшілікке арналады, олар алдын ала жазылған тізім бойынша таратылады. Мұндай тізімдер серверлерде жиналып тұрады, сол серверлерге арнайы тақырыптық мәліметтер де тұрақты түрде келіп түседі, сонан соң олар жазылған тізім бойынша газет-журналдар тәрізді таратылады.
Телеконференция қызметі (Usenet). Телеконференция қызметі келіп түскен мәліметті осы тақырыптағы конференцияға қатысушылардың бәріне, яғни белгілі бір топқа жөнелтеді. Мұндай топтар жаңалықтар тобы деп те аталады.
Көптеген мамандар өз мамандықтарына қатысты тақырыптар аймағында өтіп жатқан телеконференциялар мәліметтерін тұрақты түрде қарап отырады. Мәліметтерді осындай тәсілмен шолып өту информаци я мониторинг і деп те аталады. .
Кейбір топтарда конференция тақырыбына келіп түскен мәліметтерді алдын ала қарап шығып сұрыптау ісі жүргізіледі. Тақырыпқа сәйкес келмейтіндері (көбінесе жарнамалар) алып тасталынады. Мұндай конференциялар модельденетін топтарға жатады. Модельдеуді жүргізуші модератор рөлін адам немесе алдын ала белгіленген өзекті сөздерге байланысты мәліметті сұрыптаудан өткізетін программа да атқара алады. Егер программа қолданылса, онда автоматты модерация жүргізілді деп айтылады.
World Wide Web – бұл Web-серверлерде сақталатын, өзара байланыстағы миллиондаған электрондық құжаттардан тұратын біртұтас информациялық кеңістік. Web кеңістігін құрайтын жеке құжаттардың бір беті Web-парақ деп аталады. Белгілі бір тақырып бойынша біріктірілген Web-парақтар жиыны Web-тораптарды немесе Web-сайттарды құрайды.
Web-парақтарды көруге арналған программалар броузер л а р болып аталады. Кейде броузер сөзін браузер, көрсеткі деп те айта береді. Броузер құжатты оны жасаған автордың мәтін ішіне енгізілген арнайы командаларына сәйкес экранда бейнелеп көрсетеді. Сондай командалар тәгтер деп аталады. Тәгтер құжатты броузер арқылы қарағанда, мәтінді безендіріп форматтап береді, бірақ өздері көрінбейді. Құжат авторы тәгтерді алғаш жазған кезде оларды латын әріптерімен теріп бұрыштық жақшаларға () алып отырады. Күрделі тәгтердің бұрыштық жақшаларға алынған түйінді сөздерге қосымша атрибуттары (анықтауыш, сипаттама) немесе параметрлері болады. Осындай тәртіппен құжаттың алғашқы нұсқасы тәгтермен біріктіріліп HTML тілінің ережелеріне сәйкес жазылады, ал құжат экранға шыққанда тәгтерсіз тек мәтін ғана көрініп тұрады. Құжат HTML (HyperText Markup Language) - гипермәтінді белгілеу тілінде жазылатындықтан, Web – құжат HTML-құжат немесе HTML форматындағы құжат деп айтылады.
Сонымен HTML тәгтері арқылы жазылатын Web – парақтардың ең маңызды ерекшелігі – олардың гипермәтіндік сілтемелері болуында. Мәтіннің бір сөзімен немесе суретімен басқа Web –құжатты гиперсілтеме арқылы байланыстырып қоюға болады. Осылай бір құжаттан екінші құжатқа гиперсілтеме көмегімен ауысып отыру мүмкіндігін Web-серфинг Web-навигация деп атайды.
Дүниежүзілік Web кеңістігіндегі кез келген файл адресі ресурстың ықшамдалған көрсеткіші – URL арқылы анықталады. Сонымен, Интернеттегі әрбір мәліметтің IP-адресі және URL көрсеткіші арқылы берілген домендік адресі болады. Соңғы адрес белгілі бір мағынасы бар сөз тіркесімен – символдармен беріледі.
Домен аттары қызметі (DNS). Адамдарға санмен берілген IP-адрестермен жұмыс істеген ыңғайсыздау болады, бірақ көбінесе белгілі бір мағынасы бар домендік ат жеңіл есте қалады. Сондықтан домендік аттарды соларға сәйкес IP-адрестерге түрлендіру керек болады. Міне, осы жұмыспен домен аттары қызметінің сервері DNS (Domen Name System) айналысады.
Файлдарды тасымалдау қызметі (FTР) . Файлдарды тасымалдау жұмысы желі арқылы программалық файлдарды алу кезінде, көлемді құжаттарды немесе солардың сығылған архивтік файлдарын тасымалдауда жиі қажет болады. FTP қызметінің дүниежүзілік желіде өз серверлері бар, оларда мәліметтер архиві орналасқан.
IRC қызметі. IRC (Internet Relay Chat) қызметі нақты уақыт кезеңінде бірнеше кісі тікелей әңгімелесіп қарым-қатынас жасауы үшін қажет. Кейде IRC қызметін чат-конференция немесе жай чат деп атайды. IRC жүйесінде қатынасып сөйлесу тек бір канал аралығында және бұл жұмысқа бірнеше адам ғана қатынасады.
ICQ қызметі. Бұл қызмет осы сәтте Интернетке қосылып отырған кісінің желілік IP-адресін іздеуге арналған. Бұл қызметті пайдалану үшін оның орталық серверінде тіркеліп, жеке идентификациялық нөмір UIN алу қажет.
Интернетке әрбір қосылған сайын сіздің компьютеріңізде тұрған ICQ программасы сіздің ағымдағы IP-адресіңізді анықтап, оны қызмет орталығына жібереді де және ол адресті сіздің әріптестеріңізге жібереді. Байланыс орнатылғаннан кейін ары қарай қатынасу IRC қызметі сияқты жалғаса береді.
Читайте также: